ДостарымТұрғанымда қысылыпМедет берген достарым;Өз қайғысын ысырыпКөмек берген достарым;Замандастың жеңісінКөре білген достарым;Қолындағы жемісінБөле жеген достарым;Сынға түскен кездердеСырын бермес достарым;Қамыққанын өзгегеБіліндірмес достарым;Тайғақ заман, тар жердеҚолын берген достарым;Жолдасына мәредеЖолын берген достарым.Жырға сені қосуменӨтсем деймін досым-ау;Сыйлас болып досымменӨмірімде осынау.Авторы: Жанбай Өзденбаев