барлық мейрамдардан маған ең қатты ұнайтын екеуі- туған күнім мен жаңа жыл, бірақ жаңа жыл көбірек ұнайды, себебі, оны жалғыз өзің ғана емес достарың да тіпті бүкіл қала тойлайды. жаның жәй тауып қуанышқа бөленесің , желтоқсанның жақындағанын сезгендей жүрегің толкып ғажайып пен сыйлық күтесің. Мен Аяз ата мен Ақшақарға сенбеймін , алайда оларсыз жаңа жылдың мағынасы не? Сол себепті оларды ойыншық сорелеринен, экраннан жарнамалар мен ашықхаттардан көргенде ескі достарыңды көргендей қуанасың . Ал жаңа жылдық шырша мен мандариннің иісінен артық не бар енен?! Оның иісі бөлмеден ғана емес үйден тіпті бүкіл қаладан шығып тұрады. бұл иіс болмаса - мейрамының тосынсырлары мен күтпеген жағдайлары, түн ортасын тағатсыздана күтіп отбұршақ шашу мағынасыз сияқты. 31 желтоқсан түні жылдың басқа түндерінен ерекше біріне де ұқсамайды.