• түсіндірме сөздік 10 сөз терп жазып мағынасын талдау

Ответы 1

  • Ответ:

    Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен сөздерді теріп, жазу.

    БАСАЛҚАЛЫҚ  - зат есім. Ақыл-кеңес берушілік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т. 123-бет.        

    ШАРЫҚ  - зат есім. Теріден, тал қабығынан жəне т.б. арзан заттан лекерлеп  

    жасалған аяқкиім, шəркей.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 159-бет.      

    ОМБЫЛА  - етістік. Қарға белуардан батып, малтығу. Қазақ тілінің  түсіндірме сөздігі. 7-т.  422-бет.          

    МӨНТЕҢ:   мөнтең қақты. Безек қақты, безілдеді. Қазақ тілінің  түсіндірме сөздігі. 7-т. 238-бет.  

    ТАБАЛА  - етістік. Біреудің сəтсіздігіне қуану; өзіне сол керек деу. Қазақ  тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т.  520-бет.      

    ҚҰЙЫРШЫҚ  - зат есім. 1. Құйымшақтың сүйірленіп келген ұш жағы. 2.  Ауыс. Біреудің қолшоқпары, сойылын соғушысы; жағымпаз.  Қазақ тілінің  түсіндірме сөздігі. 6-т.  448-бет.        

    ҚИҚАЛАҚТАП  -  етістік. Қиқаң-қиқаң ету, қиқаңдау, қиқалаңдау. Қазақ  тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 191-бет.      

    КҮДЕР:   күдер үзді. Орындауға болмасына көзі жетті, үмітін үзді, түңілді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т. 259-бет.  

    КЕСІР  - зат есім. Зиян, залал, зардап. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 5-т.  4-бет.  

    ТӨЛЕҢГІТ  - зат есім. көне. Төренің күтушісі, малшы-жалшы қызметшісі.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 232-бет.  

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years