Еркін әдеттегідей кешке қарай, түн жарымында көшеге шықты. Дала көзге түртсе көргісіз қараңғы.Аспан шайдай ашық, айдың әсем бейнесі алыстан жарқырақ көрінеді. Оның жанында жымыңдаған сансыз жұлдыздар қас пен көздің арасында қаптап кетті. Біраз уақыт бұрын тек жетіқарақшы ғана ожау секілді ерекше тұрпатымен аспанда өз орның алып тұрғандай еді. Еркін ақырын басып келеді, алдында жатқан әртүрлі қоқыстардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Қоқыстар Еркіннің көз ұшында тұрса да, оны байқаған ол жоқ. Аяңдап басып, үйге де келіп жетті. Ертесі ерте тұрып, кешегі жатқан қоқыстарды жинап тастады. Аспанның ғажап көрінісін бүгін де тамашалауға қарсы емес.