• Срочно,срочно,срочно, изложение текста на казахском языке!!

Ответы 1

  • Кескіндеме - бейнелеу өнерінің ең толысқан түрі. Әр суретшінің өзінің таңдаған жолы бар. Біреуі табиғат, біреуі тарихи көріністерді бейнелеуге құмар болады. Бейнелеу өнерінде бұндай бөлінуді жанр дейді. Жанрлар натюрморт, пейзаж, портрет, жанрлық картиналар болып бөлінеді. Натюрморт жанры Голландия елінде 17 ғасырда пайда болған. Ол суретшінің көзқарасын белгілейді. Әр суретші натюрмортта өз тақырыбын таңдайды. Түрлі тағам, жеміс, тұрмыстық пайдаланатын заттар т.б. жинағының көрінісі болуы мүмкін. Пейзаж - табиғаттың көрінісі. Табиғат өмірде көп өзгермей, мыңдаған жылдар бойы бір қалыпта қала берсе де, суретші оның кейпін өз көзқарасына, ойына байланысты өзгертіп бейнелеуі мүмкін. Пейзаж арқылы суретші өзі сүрген уақыттың тұрмысын, қоғамдық құрылысына дейін көрсете білген.
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years