• «Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі» эссе керек. Сөз саны 80-100

Ответы 3

  • Қазақ əдебиетінен СОЧ па?!Маған да керек еді
    • Автор:

      linusnash
    • 5 лет назад
    • 0
  • Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасының желісі де осыған ұқсас. Поэма аса көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. Сезім де, махаббат та, батырлық та, жан күйзелісі де дастанда жыр болып өріледі. Поэмадағы батыр Баян тағдыры ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Шоқтығы биік Баянның бейнесі поэмада былай суреттеледі: - Қанайым, ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі, Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның әруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян, — деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқайсыз. Баян батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық құндылықтан жоғары қояды. Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.Қазақ осындай батырлардың арқасында тағдыры мен келешегін қорғап қалды.[2]
    • Автор:

      kevinyuua
    • 5 лет назад
    • 0
  • Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Бірақ оқырмандар өз нұсқаларын беріп, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені – озбырлық, қатігездікті айқындайды. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберлігіімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші.
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years