Аллитерация - дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл. Мысалы Қ.Аманжоловтың "Иран шахқа мұңын шақпа,Низами, Біздіңжақта гүл кұшақта, Низами..." деген өлең жолдарында аллитерация (шәрпіқайталанып) өлең өрімін құбылтып, оның окырманға әсерін күшейтіп тұр. Аллитерация - қазақ мақал-мәтелдерінде де ұтымды қолданылатын тәсілдерінің бірі. Мақалдар құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбыс немесе бір сөзді ("Бейнет, бейнет түбі - зейнет") бірнеше қайталау, сөз ұйқасымы айрықша рөл атқарады. Қазақ жұмбақтарында аллитерация тәсілі жиі кездеседі ("Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті").