• дословный перевод сказки Қорқыттың өмірге келуі

     

    Қорқыттың туған жнрі - Қараспан таулары , ол дүниеге келер алдында анасы құлған етіне жерік болыпты , Анасы Қорқытты құрсағында үш жыл тоғыз күн көтеріп жүріпті,

    Қорқыт туатын күні бүкіл дүние сұмдық қиналып азаптанғандай күй кешеді ,Аспанды қара бұлт басып , күн күркіреп нажағай жарқылдап, сұрапыл қара дауыл соғады,төңірек астанкестен , алай - дүлей болады , бір сұмдықтын жақындағандағанын сезген ел-жұртты қатты қорқыныш билейді,

    Осы оқиға жайында ел ішінде мынандай өлең жолдары сақталған :

                           Қорқыт туар кезінде
                           қараспанды су алған
                           қара жерді күл алған
                           ол туарда ел қорқып
                          туған соң әбден қуанған!

    Қорқыт туа салысымен , арқырап соққан жел саябыр тауып,бұлт тарқап,күн сәуле шашады , дүние нұр-шуаққа малынып жүрді , Табиғатқа жан бітуін жаксы нышанға балаған жұрт :Бұл біді қоптып туылғны үшін болсын!деп ұйғрып оның есімін Қорқыт қояды.

    Қорқыттың дүниеге келуі қандай өзгеше болса, оның бүкіл өмірі де сондай ерекше  болды , Бала жасынан ұшқан кұспен, жүгірген аңмен , соққан желмен, жауған жаңбырмен қоса жарысты ,айнала қоршаған табиғатпен ортақ тіл тауып , сонымен бірге өсті,

    жырдар өтіп , ер жетіп , тепсе темір үзетін жігіт жасына жеткенде ол бір түс көреді ,Түсынде оған ұзын аса таяқты , ақ сақалы белуарына түскен әулине қария келіп , былай деп аян береді; "Ей , Қоркыт , тұр орныңнан! Менің айтқанымдай саз аспабын жаса , бұл аспаптын үлкендігі алты жасар түйенің асықты жілігідей болсын ,

    Аспабыңның аты - кобыз,Осы кобыз сенің шабытыңда қияға самғатады , сапар шексең , жолыңа жарық түсіріп,сәуле шашады , өзінді пәлә-жаладан сақтайтын желеп -жебеуші серігің болады"

    Қорқыт ояна сала, көрген түсін ойлайды.Тура өңінде болғандай , Осы арада  өзенің жан-жүрегін құйқылжыған әуендер кернегенін,тілінің ұшына ағындаған өлең -жыр келгенін аңдайды,Ол бірдең қобыз жасауға кірісіп ,оны тура түсіндегі әулие шалдың айтқанындай жасап шығады,Бұдан соң аспапты қолына алып , құлақ күйін келтіріп , ойнай жөнеледі, Ұшқан құс, жүгірген аң,соққан жел тына қалып , кобыз төккен күйге құлақ қояды,

    .

Ответы 0

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years