№1 Алға мектеп-бақшаның математика пәні мұғаліміБалманова Гүлжанат УралбаевнаАта-ананы қадірлей білейікТақырыбы: Ата-ананы қадірлей білейік.Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылар бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздар болуға тәрбиелеу. Ата-ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу.Тәрбие сағатының көрнекілігі: ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер,слайд.Тәрбие сағатының барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.ІІ.Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.ІІІ.Бейнекөрініс көрсетуІҮ. Ата-анаға ақ тілекҮ. ҚорытындыМұғалім: Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар!«Ата-ананы қадірлей білейік» атты 6 "б" сыныбының ашық тәрбие сағатын бастауғарұқсат етіңіздер!Құндыз: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,Әкеге арнап, марапатты бастар күн.Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.Жарас: О, Ата-анам!Таянышым, тірегім!Бар бақытты бір басыңа тіледімБізді жақсы болсын екен деп қашандаЛүпілдейді сенің қамқор жүрегің.Құндыз:Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталатын болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген ананы көз алдымызға елестетіп бір көрейікші!Ана туралы ән. Орындайтын Сагинова ДианаҒалымжан:Әке деген баласының азық-түлігін тауып тәрбиелеу үшін, оймен де, денемен де, қиыншылықтардан бет бұрмаған. Ақындарымыз жырлағандай, әкенің де баласына деген сүйіспеншілігінің шексіз екендігіне күмән жоқ.Ән:Әке туралы жыр.Орындайтын Жаксылыкова АзизаАлина: Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу.Хормен: Қымбатты ата-ана, ұстаздар!Біздің борышымыз – Сіздерді құрметтеу.Сұлтан:Алдымен сүй, ардақта ата-анаңдыҮлгілі ұрпақ атадан бата алады.Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,Мейірімінен ананың жасалады.Жырақ жүрген анасын сағынған,Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.Екеуінің қуанышы тілегі,Әрқашанда бір арнадан табылған.Құндыз: Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.Айсұлу: Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.Жарас: Ата-ананы сыйлау — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.Жанболат: Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.Мирас: Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақысыздың рақымсызы. (Ғ. Мұстафин).Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.Қызғалдақ: Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым,Тәтті ұйқыңды бөліп,талай түн қаттың.Өміріме нәр береді ақ сүтің,Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,Махаббатың жүрегімде жүр менің.Күн нұрындай жадырай бір күлгеніңҚандай жақсы ортамызда жүргеніңҚуанып көз алдыңда жүргеніме.О,ана ,жетсе екен бар өмірің ,Қартайған шағымды да бір көругеӘн: "Аналар алтын" орындайтын Жұмабек ІнжуКино фильмінен үзінді көрсету «Ата-ананың ақысы»1.Ата –ананың ақысы немен өлшенеді?2. «Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?(оқушылар пікірін тыңдау)Би: "Қаражорға"Кино фильмен үзінді «Қарттар үйі»1.Ата-аналардың қарттар үйіне қоныс аударуына не себеп болады?Оқушылар пікірін тыңдауӘн: Ата -ана туралыҚұндыз:Анасыздар,кең байтақ даласыздар.Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.Көлеңке жоқ көңлінде,қылауы жоқ,Үлбіреген жауқазын баласыздар. "Отбасы -шағын мемлекет" деген сөз бар.Ынтымағы келіскен,түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі.Әйел -ана отбасы жылуын сақтаушы,ал әке отбасының тірегі.Жарас:Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.Мирас:Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,Туған елің сүйсіне мақтасын деп.Пәк сезіммен тілеймін адамдардың,Анасының ақ сүтін ақтасын деп.Құндыз: Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті ата-ана, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!Әкем –анам жасыл бағым жайнаған,Сол бағыңда асыр салып ойнағамПәк жүрекпен жыр жазды перзентіңБар тілегі тек сіздерге арналғанОқушылардың ата-аналарға арнаған ақ тілектеріҚорытынды: Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген- дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.