• Ежелгі Үндістан қай жерде мекендеді

Ответы 1

  • Ответ:

    Үндістанның орта ғасырлар кезінде тілі мен мәдениеті толық өзгерген Египеттен және Алдыңғы Азияның бірқатар елдерінен айырмасы, ол өткенінің барлығын ұмыттырып жіберетіндей күрт өзгерістерге ұшыраған жоқ. Санскрит тілінде жазылған және ауызекі сөйлеу тілінде туған шығармалар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, оқылып және айтылып отырды. «Арийлар жаулап алғаннан кейінгі» Үндістанның тарихы бізге негізінен поэтикалықшығармалар арқылы белгілі болып отыр. Алайда Үндістан мыңдаған жылдар бойында Европа үшін сыры мәлімсіздеу ел болып келді. Б. э. XVIII ғасырында Үндістанды Европалық отаршылдар басып алды. Оның ескерткіштерін зерттеу де осы кезден басталды. Ағылшын зерттеушісі У. Джонс үндінің ежелгі жазба ескерткіштерін санскриттен ағылшын тіліне аударды.

    Маурья династиясы тұсында үнді қоғамының дін идеологиясында елеулі алға басушылық болды. Діннің үстемдік құрып тұрған жүйесі – брахманизм – басқарушы династияның талап-тілегін  қанағаттандыра алмайтыны барған сайын біліне түсті. Оның ережелері тайпаға бөлінген кезде қалыптасқандықтан, бір орталыққа бағынған және қала өмірі дами бастаған мемлекет жағдайына сәйкес келмеді. Абыздар – басқарушы, ал көпестер – үшінші варнаға кіретін бөлініс тәртібін сауда ісі даму үстіндегі аса үлкен мемлекет көлемінде бұлжытпай сақтау мүмкін емес еді. Патшалар қажет адамды олардың шығу тегіне қарамастан өзіне қызметке алып отырды. Күшейіп алған патша билігі дін қызметкерлерінің озбырлығымен келісе алмады.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years