Маған қол қусырып отырған ұнамайды. Мен үнемі бір іспен шұғылданамын. Әсіресе маған сурет салған ұнайды.Бұл менің сүйікті ісім. Менің салған пейзаж немесе портретім өте жақсы шығады. Менің салған суреттерімді достарым,ата-аналарым жақсы бағалайды. Мен сурет салумен 5 жастан бері айналысамын. Алғашында мен қазіргідей жақсы сала алмайтынмын. 6 жыл бойы дағды қылғандықтан қазір мен өте күрделі суреттерді кішкентай белгілеріне дейін сала аламын. Мен үнемі сурет салумен айналысатын боламын!