• приведи по 3 примера (откен шак) например:жедел откен шак-мен кеше мектепке бардым.бурынгы откен шак-сен кинога баргансын.Ауспалы откен шак-ол дептерге жазатын.

Ответы 1

  • Жедел өткен шақ.

    Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жіктеліп колданылады.

    Мысалы: Асан концерттің ашылуында  домбыра тарт-ты.

    Мен мерекелік жиында өлең айт-ты-м.

    Демалыста сен ауылға келме-ді-ң.

    Бұрынғы өткен шақ.

    Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді.

    Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.

    а) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: (мен) бар-ған-мын, (сен) кел-ген-сің, (ол) айт-қан.

    б) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге еді, екен көмекші етістігі тіркелуі арқылы да жасалады.

    Мысалы: Сен мектепті бес жыл бұрын бітіргенсің.

    Ол жұмыстан демалыс алып ауылга барыпты.

    Кеше маған шетелден хат келген екен.

    Ауыспалы өткен шақ.

    Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын.

    Сен кітапханаға қашан баратын едің?

    Мектепте оқып жүргенде мен кітапханаға жиі баратынмын.

    • Автор:

      talonswg2
    • 6 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years