Тіл хабарламаны алысымен, досына көмек керек екенін біліп, дереу жолға шығады. Əліппеге жетісімен, халын сұрап, қиындығынан арылтатын жол іздейді. Ақыры барлық əріптерге жиналсын деген жарлық айтады. Əріптердің бəрі жиналған соң, былай дейді: - Көштің басы "А" болсын, Жолын қуар "Ə" болсын,Бəрін қолдап тұратын,Жалғасы оның "Б" болсын -деп барлық 42 əріпті ұясына қондырып орын береді. Ал бəріне бас көз қылып Əліппені сайлайды екен. Сөйтіп бұл əлемде тəртіп орнап, бəрі бақытқа кенеліпті.