Мен ұқсағым келетін адам- ол менің Анам. Ол мейірімді, мені әруақытта аяйды, ескерткенінен кейін қолайсыз жағдайлар туындаса ешқашан" Мен саған айттым ғой",- деп айтпайды. Ол жақсы және мені де барлық кезде жақсы болуға үйретеді. Ол ақылды, мен ұйықтар алдында, демалғанда тыңдайтын көптеген қызық тарихтарды біледі. Менің анам мен үшін және менің апам үшін барлығын жасайды. Ол әрдайым бізді жұбатуға тырысады. Мен оны өте сүйемін. Ол ешқашан ашуланбайды, ренжімейді. Әлемдегі ең жақсы адам-ол менің Анам. Мен сондай болғым келеді.