• Диалог на Казахском языке про Пирамиду в Астане. ПОЖАЛУУЙСТА очень надо ((

Ответы 1

  • Ответ:

    Пирамида туралы диалог құрастыру.

    Еркебұлан: Демалыс күнің қалай өтті, ауылдағы туысқандарың аман – есен келді ме?

    Сәлімжан: Демалысымыз өте қызықты өтті, туыстар келіп, мәз – мейрам болдық. Қонақтарымызды «Бәйтерек», «Думан», «Пирамида» секілді көрікті орындарға апарып, қыдырттық.

    Еркебұлан: Ал сен осы ел ішінде «Пирамда» аталып кеткен сарайдың атауын білесің бе, достым?

    Сәлімжан: Жоқ, білмейді екенмін. Сонда басқа атауы бар ма?

    Еркебұлан: Ия, «Пирамиданың» толық атауы - «Бейбітшілік және келісім сарайы».

    Сәлімжан: Енді біліп жүретін болдым.

    Еркебұлан: Бейбітшілік және келісім сарайын салуға екі мыңға жуық түрлі ұлт өкілдері атсалысқанын естідің бе? Оның ішінде британдық сәулетші Норман Фостер мен оның 100 адамнан құралған командасы бар.

    Сәлімжан: Жоқ, қызық екен. Сен осындай деректерді қайдан білдің?

    Еркебұлан: Мектепте бұл тақырыпқа жоба жұмысын дайындаған болатынмын.

    Сәлімжан: Жарайсың! Ал ғимараттың жалпы биіктігі қанша?

    Еркебұлан: Ғимараттың нөлден сегізінші қабатқа дейінгі биіктігі - 75 метр. Ал жалпы аумағы - 28 мың шаршы метр.

    Сәлімжан: Сарай жайлы тағы қандай қызықты дерек білесің?

    Еркебұлан: Ең астыңғы қабатта 21 ұлттық костюм қойылған: қырғыз, қазақ, қарақалпақ, өзбек, грузин, әзербайжан, армян, дүнген, балқар, неміс, татар, болгар, түрік, румын, иордан, орыс, иврит, вайнах, украин, поляк және корей костюмдері. Мұның барлығын этномәдени орталықтар мен елшіліктер сыйлаған. Көрме Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының 15 жылдығына орай ашылған және үнемі толықтырылып отырады.

    Сәлімжан: Керемет! Мен бұрын жай әсемдігіне қызығып жүрсем, бұл ғимараттың өзінде үлкен мән бар екен ғой. Сенің арқаңда біліп жүретін болдым. Рахмет!

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years