От басы – жылы ұямыз,Тірегі – ата-анамыз.Уыз сүт еміп осында,Уылжып біздер өсеміз.Осында үлгі аламыз,Осында адам боламыз.Еркелеп, ойнап, еліктеп,Осында өсіп толамызТәрбие мектеп – от басы,Ақылды баулып, тіл ұштар.Өрімдей тезге тартылғанӘдепті бейне дұрыстар.Ата-ана болса өрнекті,Ұл мен қыз өсер көрнекті.Әуезов Мұхаң айтқандай:Түзейік бесік-жөргекті.