Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Жүннен басылған бұйымдардың ішінен кілем, текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, қоржын, т.б. түрлерін атауға болады. Ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған.Қолөнер өмір ағымымен бірге туындап, дамып отырады. Сəндік əшекейлік бұйымдарды қыздар көп қолданған. Тоқыма өнері де көнеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болып табылады