Исатай деген ағам барИсатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар.Хан ұлымен қас болып,Қара ұлымен дос болып,Хан үстіне барғанда,Шабайық ханды дегенде,Шапқандай ханды амал бар, -Амал барда хан шаппай,Тәңірім қылды - не амал бар?!Ат туады байталдан,Айт десең - лебіз қайтарман.Төрт-бес жылдай алысып,Мына тұрған Иса-екемХанның бір тауын қайтарған.Ат туар ма шұбардай,Ер туар ма бұлардай,Дулығалы бас кесіп,Дұшпанының қанынаАқ алмасын суармай?!