Жеті жетекші:1. Адамның басшысы – ақыл,2. Жетекшісі – талап.3. Жолаушысы – ой.4. Жолдасы –кәсіп.5. Қорғаны – сабыр.6. Қорғаушысы – мінез.7. Сынаушысы – халық /Саққұлақ би/.Жеті ғашық:1. Ләйлі –Мәжнүн2. Фархад –Шырын3. Таһир –Зуһра4. Арзу –Қамбар5. Уәлік –Ғарра6. Уәки – Күлшаһ7. Жүсіп –ЗылиқаЖеті шәріп /Жеті әулие/:1. Меке шәріп2. Мәдина шәріп3. Бұхар шәріп4. Шам шәріп5. Қатым шәріп6. Құддыс /Мысыр/ шәріп7. Кәләм шәріп /Құран/.Жеті қазына:1. Ер жігіт2. Сұлу әйел3. Ақыл, білім4. Жүйрік ат5. Қыран бүркіт6. Берен мылтық7. Жүйрік тазы.Жеті ғалам:1. Шығыс2. Батыс3. Оңтүстік4. Солтүстік5. Аспан /жоғары ғалам/6. Жер /орта ғалам/7. Жер асты /төмендегі ғалам/Жеті күн:1. Бүгін2. Ертең3. Бүрсігүні4. Арғы күн5. Ауыр күн6. Соңғы күн7. Азына1. Дүйсенбі2. Сейсенбі3. Сәрсенбі /сәтті күн/4. Бейсенбі5. Жұма /қасиетті күн/6. Сенбі7. Жексенбі.Жеті жұт:1. Құрғақшылық2. Жұт /мал қырылу/3. Өрт4. Оба /ауру/5. Соғыс6. Топан су7. ЗілзалаЖеті жоқ:1. Жерде өлшеуіш жоқ2. Аспанда тіреуіш жоқ3. Таста тамыр жоқ4. Тасбақада талақ жоқ5. Аллада бауыр жоқ6. Аққуда сүт жоқ7. Жылқыда өт жоқ.Жеті жетім:Тыңдамаған сөз жетім,Киюсіз тозған бөз жетім,Иесіз қалған жер жетім,Басшысы жоқ ел жетім,Аққу-қазсыз көл жетім,Замандасы қалмаса-Бірінен де сол жетім.Жеті ата:1. Бала2. Әке3. Ата4. Арғы ата5. Баба6. Түп ата7. Тек ата.Жеті қат көк:1. Ай2. Күн3. Шолпан4. Есекқырғын /Меркурий/5. Қызылжұлдыз /Марс/6. Сатурн7. Мүштәри /Юпитер/.Жеті амал:1. Күннің тоқырауы2. Қарашаның қайтуы3. Үркердің батуы4. Мұздың қатуы5. Киіктің матауы6. Қыс тоқсан7. Ай тоғамы.