• Өсімдіктер әлемі эссе жазу керек. Осы эсседе омоним және көп мағыналы сөздер болсын.

Ответы 1

  • Өсімдіктер әлемі — барлық жаратылыстың ең басты топтың біріне жатады. Себебі өсімдіктерді жер бетінің кез-келген бөлігін қамтиды. Қазіргі таңда өсімдіктердің 375 000 түрі белгілі. Өсімдіктер күн жарығы арқылы өсіп, қоректенеді. Жиырмасыншы ғасырдың орта шегіне дейн өсімдіктердің негізгі екі топқа бөлген: төменгі және жоғары сатыдағылар деп. Төменгі сатыдағыларға: бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар жатады. Ал жоғары сатыдағыларға: ринийлер,мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар болып есептелінеді.

    Өсімдіктер организміндегі тіршілік кұбылыстарына байланысты динамикалық процестерді зерттейтін ғылым — өсімдіктер физиологиясы. Бұл ғылымның зерттеу обьектісі — өсімдік организімінің әртүрлі ұйымдастырылу деңгейіндегі (яғни, биоценотикалық, организмдік, мүшелік, маманданған ұлпалар, клеткалық, субклеткалық, молекулалық, субмолекулалық) процестер, Өсімдік организмінің аталған деңгейлеріндегі физиологиялық процестер өзара және қоршаған ортамен тығыз байланыста болады. Өсімдіктердегі эрбір морфологиялық ерекшелік және физиологиялық процесс — бұл ұзақ мерзімдік эволюция нәтижесі. Эволюция процесінде өзгерген орта жағдайьша есімдіктердің бейімделуі барысында жаңа морфофизиологиялық қасиеттер пайда болған. Вегетациялық өсу дәуірі ішінде өсімдіктер үздіксіз осіп дамиды. Даму кезеңдері этаптарга бөлінген және де әрбір этап өзіндік морфофизиологиялық қасиеттері мен сипаттары бойынша ерекшеленеді. Өсімдіктердің басқа организмдерге қарағанда өзіндік қасиеггері бар. Негізгісі — өсімдіктер фототрофты (автотрофты) организмдер. Яғни, олар күн сәулесін сіңіріп, органикалық емес (С02, Н20) заттардан, фотосинтез процесі арқылы органикалық заттар түзеді (синтездейді).

  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years