Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9x4,9 м немесе 6,1x6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді.