Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
aprilnealОтвет:
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа,бақытқа толы ғажайып мерекелердің бірі. Бірақта әр ел Жаңа жылды әртүрлі тойлайды екен. Мысалы Ұлыбританияда адамдар Санта Клаусқа жыл сайын хат жолдауды әдетке айналдырған. Британдықтар хатқа барлық тілегін жазады. Содан кейін ол хаттарды лапылдап жанып жатқан отқа тастайды. Мұның себебі олар оттан шыққан түтін Аяз атаға сәлемдемені жеткізеді деп сенеді екен. Ал қазақтардың Жаңа жылы – «Наурыз» мерекесі болып есептеледі. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Халық дәстүрлі киім киіп, ән айтып, би билейді. Киіз үй тігіліп, салт-дәстүрлер орындалады. Жеті түрлі дәм қосылатын «Наурызкөже» дайындап, ет асылады. Бұл көнеден келе жатқан мейрам. Бірақ біз 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнді де тойлаймыз. Әркім өзінің үйін сәндеп,әр түрлі заттармен безендіріп,жаңа жылдық киімдер алып,үйге немесе ауланың ішіне шырша қойып оған ойыншықтарын тағып, түрлі түсті шамдармен әсемдеп ауланы,үйді мұнтаздай етіп тазалап, дастархан жайып, жаңа жылды қарсы алады. Себебі жаңа жылды қалай қарсы алсаң, келер жыл да солай өтетін болады екен. Мектептерде концерттер қойылады, адамдар жаңа жылдық костюмдер киеді, далада отшашулар шашылады. Түнгі сағат 12-де Президент елді мерекемен құттықтағаннан кейін барып үстелге отырамыз.
Жана жыл мен үшін қызықты әрі көңілді мереке.
Автор:
fun sizehozoДобавить свой ответ
Предмет:
ХимияАвтор:
gaelortegaОтветов:
Смотреть
Предмет:
ИнформатикаАвтор:
wizОтветов:
Смотреть
Предмет:
ИнформатикаАвтор:
raymondОтветов:
Смотреть