Менің отбасым үлкен емес, әкем, анам, ағам және мен. Біздің отбасымыздың өз дәстүрлері бар. Ең бастылары - қонақжайлық пен адамдарды сыйлау. Біздің үйде қонақтарды әрқашана қуана қарсы алады. Қонақтарға дастарқанымыз әркез ашық. Ата-анамыз бізді үлкендерді сыйлауға бала кезімізден үйретіп келеді. Тағы да Жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алу дәстүрге айналды. Бұл күндері біз өте көңілді боламыз. Жазда ауылға әжемізге барып тұрамыз. Ауылда біз әжемізбен бірге жақсы демаламыз. Пасха мейрамы кезінде пісірген нанымызды әжемізге беру үшін таңертең оған барамыз, ал әжеміз бізді өзінің пісірген нанын береді. Қыстыгүні отбасымызбен сырғанауға мұз айдынға барамыз. Отбасы мүшесінің біреуінің туған күні болғанда, сыйлықтар береміз. Бұл дәстүрлер басқа отбасылардікінен еш айырмашылығы болмаса да, бұлар бізге жылу мен қуаныш сыйлайды.