5. Өрнектер жазып, есептерді шығар. а) Балалар жолда 9 басқатырғыны шешіп, 12 теңдеу және 6 есеп шығарды. Балалар барлығы неше тапсырма орындады? ә) Математикалық турнирге әрқайсысында 4 баладан 6 команда қатысты. Турнирге барлығы неше бала қатысты? б) Оқушы есептерді шығаруға 10 минут, ал 4 теңдеудің әрқай- сысын шешуге 2 минуттан жұмсады. Оқушы тапсырмаларды орындауға барлығы қанша уақыт жұмсады?