Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң, арқалан.Сен де - бір кірпіш, дүниегеКетігін тап та, бар қалан! Қайрат пен ақыл жол табарҚашқанға да, қуғанға.Әділет, шапқат кімде бар,Сол жарасар туғанға.Бастапқы екеу соңғысызБіте қалса қазаққа,Алдың - жалын, артың - мұз,Барар едің қай жаққа?Пайданы көрсең бас ұрып,Мақтанды іздеп, қайғы алма.Мініңді ұрлап жасырып,Майданға түспей бәйгі алмаӨзіңде бармен көзге ұрып,Артылам деме өзгеден.Күндестігін қоздырып,Азапқа қалма езбеден.Акырын жүріп, анық бас,Еңбегің кетпес далаға.Ұстазтық қылған жалықпасҮйретуден балаға.Көлеңке басын үзартып,Алысты көзден жасырса;Күнді уақыт қызартып,Көкжиектен асырса;Күңгірт көңілім сырласарСүрғылт тартқан бейуаққа,Төмен қарап мүңдасар,Ой жіберіп әр жаққа.Өткен өмір - қу соқпақ,Қыдырады талайды.Кім алдады, кім тоқпақСалды, соны санайды,Нені тапсаң, оны тап,Жарамайды керекке.Өңкей уды жиып ап,Себеді сорлы жүрекке.Адасқан күшік секілдіҰлып жүртқа қайтқан ойӨкінді, жолың бекінді,Әуре болма, оны қой.Ермен шықты, ит қылып,Бидай шашқан егінге.Жай жүргенді уерд қылып,Тыныш өлсеңші тегінде.Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң, арқалан.Сен де - бір кірпіш, дүниегеКетігін тап та, бар қалан! Қайрат пен ақыл жол табарҚашқанға да, қуғанға.Әділет, шапқат кімде бар,Сол жарасар туғанға.Бастапқы екеу соңғысызБіте қалса қазаққа,Алдың - жалын, артың - мұз,Барар едің қай жаққа?Пайданы көрсең бас ұрып,Мақтанды іздеп, қайғы алма.Мініңді ұрлап жасырып,Майданға түспей бәйгі алмаӨзіңде бармен көзге ұрып,Артылам деме өзгеден.Күндестігін қоздырып,Азапқа қалма езбеден.Акырын жүріп, анық бас,Еңбегің кетпес далаға.Ұстазтық қылған жалықпасҮйретуден балаға.Көлеңке басын үзартып,Алысты көзден жасырса;Күнді уақыт қызартып,Көкжиектен асырса;Күңгірт көңілім сырласарСүрғылт тартқан бейуаққа,Төмен қарап мүңдасар,Ой жіберіп әр жаққа.Өткен өмір - қу соқпақ,Қыдырады талайды.Кім алдады, кім тоқпақСалды, соны санайды,Нені тапсаң, оны тап,Жарамайды керекке.Өңкей уды жиып ап,Себеді сорлы жүрекке.Адасқан күшік секілдіҰлып жүртқа қайтқан ойӨкінді, жолың бекінді,Әуре болма, оны қой.Ермен шықты, ит қылып,Бидай шашқан егінге.Жай жүргенді уерд қылып,Тыныш өлсеңші тегінде.